Қарағанды облысының полицейлері көлік дөңгелеген жарған бұзақыларды ұстады
Олар бір түннің өзінде елу шақты көліктің дөңгелегін жарып кеткен
Күдіктілерді табуға бейнебақылау камерасы көмектескен. Жедел іздестіру тобы құрылып, Балқаш қалалық ішкі істер бөлімінің барлық қызметкері жұмылдырылған.
- Күдіктілер өз кінәсін мойындап отыр. Олар мас күйінде бұзақылық жасаған, - дейді баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кетті.