Өртенген КамАЗ-ды сөндірмек болған азамат күйіп қалды
Өскемен қаласында Республикалық көшесі бойындағы тұрақта тұрған жүк көлігі өртке оранды
Кешкі алтылар шамасында жүк көлігінің кабинасы, қозғалтқышы, ішкі салоны өртеге бастаған. Өртті өзі сөндірмек болған 50 жастағы ер адам 1-2-дәрежелі күйік алып қалды.
- Жедел жірдем қызметі азаматты дереу №1 қалалық ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Өскемен қалалық ТЖБ баспасөз қызметі. - Ал өртті оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер ауыздықтады.
Дәрігерлер алғашқы медициналық көрсеткеннен кейін, зардап шеккен азаматты үйіне қайтарды. Ал өрттің шығуына байланысты қауіптілігі жоғары агрегатты пайдалануда қауіпсіздік шараларын сақтамау себеп болуы деген болжам бар.
Следующая →