Алматылықтарға қоқыс үшін ақы төлеуде
Қалада полиэтилен, шыны, қағаз және пластикті белгіленген тариф бойынша қабылдайтын алты орын бар
Қай орынның клиенттері белсенді болса, оларға эко-қаһармандар мәртебесі беріліп, түрлі сыйлықтар үлестіріледі, деп хабарлайды Zakon.kz. Осы орындарда жиналған қоқыстардың барлығы өңдеуге жіберіледі. Бұл табиғи ресурстарды сақтап қана қоймай, қала төңірегіндегі қоқыс жинау орындарын азайтуға да септігін тигізеді.
Сортталған 25 келі қоқыс әкеліп, каток немесе киноға билетті сыйлыққа алуға болады. Ал қоқыстың 1 центнері үшін эко-қаһарман мәртебесі беріледі. Тұрғындар өзара бәсекелесуде. Қазіргі таңда чемпион 1500 келі макулатура өткізген.
Следующая →