Өскемендіктер қаңтар айында жылу түбіртегін кейінірек алады
Мамандар есеп айырылысу түбіртегін әдетте айдың 10-ы күні ұсынатын. Алайда осы жолы түбіртектер 18 күні дайын болмақ
"Өскемен жылу желілері" АҚ баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, жылу мен ыстық су тарифінің өзгеруіне және жылытудың бір жылдық нормасы орындалмағаны үшін қайта есептеуді жүргізуге байланысты ай қорытындысын шығару уақыты ұзартылды.