Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Михаил Козлов
Ақпарат көзі:
Устинка

Денсаулық сақтау министрі инсулин тапшылығының себептері жайлы айтты

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Астанадағы инсулиннің тапшылығына қатысты пікір білдірді

Бірқатар қазақстандықтарды толғандырып жүрген сауалдарға Елжан Біртанов тілшілермен кездесу барысында жауап берді, деп хабарлайды«Қазақпарат» ХААсайты.

«Бастысы инсулин сатып алынды. Соның басым бөлігі дәріxаналарға таратылды. Енді, кейбір жерлерде препаратты жеткізу жағы кешігіп жатыр. Жалпы, барлық облыстар инсулиннің қажетті көлемін сатып алуға міндетті болған. Біз оларға ақшаның бәрін бергенбіз. Қазір инсулиннің тапшылығы бар жерлерді қараймыз. Әрине, тексеріс үшін арыз керек. Сол тексерістің нәтижесі бойынша тиісті шараларды қолға алатын боламыз», - деді Е. Біртанов журналистерге берген сұxбатында.

Министрдің айтуынша, инсулиннің тапшылығы кезінде стационарлардан, болмаса, аймақтардан препарттың қажетті көлемін алдыртуға болады. Қазіргі жоспарға сәйкес, инсулинді тарату жұмысы 5 ақпанға дейін аяқталуы тиіс. «Бұрын біз препараттарды екі айға - қаңтар мен ақпанға сатып алатынбыз. Қазір жоспарлау жұмысы дұрыс жүргізілмегеннен кейін тапшылық туындайды. Мысалы, кейбір препараттарды, керісінше, тым көп сатып алады. Оны бірнеше айға, тіпті бір жылға дейін жеткізуге болады. Сондықтан бүгінде біз осы саладағы жұмысты ретке келтіріп жатырмыз», - деп атап көрсетті Е. Біртанов.

Следующая →