Семей қаласының тұрғыны торт ұрлаған
48 жастағы әйел Ескі Жаңа жыл мерекесінде туыстарын қуанту үшін дүкен сөресінде тұрған тортты ұрлаған
Алайда семейлік азаматшаның мерекелік көңіл-күйі ұзаққа созылмады. Құқыққорғаушылар қылмыскерді ізін суытпай ұстады.
Тергеу барысында белгілі болғандай, әйел бұған дейін де мүліктік қылмыс бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
ШҚО ІІД баспасөз қызметінің ақпараты сүйенсек, Семей қаласының тұрғынына қатысты ҚР ҚК 188-бабы "Ұрлық" бойынша қылмыстық іс қозғалған.