Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Айдос Мырзахметов
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Тамақтану орнының түтіні улы ма?

Күндіз зауыттардың зауал темірлерін қозғап шыныққан еңбекші халық, кешкі демалысын келісті өткізу үшін дәмхана мен мейманханаларға аттанады

Көсегесі көгеріп, күн сайынғы даму жоспарын орындап тастаған зауыттардың шұрқ-шұрқ түтіні күні-түні тыйылмаса да, кешкісін демі бәсеңдейді дерсің. Бірақ мұнымен онсыз да қылаң тартқан экологиямыз түзелмек емес. Зауыттардың залалымен жыл көлемінде алысып, дабыл қағып жүретін Экологиялық қауіпсіздік орталығы қала өмірінің өзге де көрінбес кеселдерін кес-кестеп айтып келеді. Трамвай жолдарын, автокөлік пен автобустар түтінінің арамдығы туралы ауыз толтырып айтқан бұл орталық енді қаланың орталығындағы түтіні көбейіп келе жатқан кәуап дайындайтын және жеңіл тағамдар әзірлейтін мекемелердің мерез кеселін сын садағына ілді.

- Бұл сұрақтарды біз бірнеше жыл қатарынан көтеріп келеміз, - дейді орталық директоры Геннадий Корешков. - Қалалық ұйымдар - әкімдік, Кәсіпкерлік басқармасы, ШҚО Экология бойынша департаменті, СЭҚ, мамандандырылған прокуратура аталған мәселелер туралы хабардар. Тек бұл емес, облыс орталығында шаурма, кебаб, самса сынды жеңіл тағамдар дайындайтын орындардың бар екенін де ескеру керек. Бұл мекемелердің барлығы адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтіруде.

Шынымен, Өскеменде соңғы жылдары кәуап және шаурма дайындайтын орындар саңырауқұлақша қаптап кеткені рас. Бүгінгі таңда олардың барлығы бір-бірімен жарысып әлек. Жаңадан ашылған мекемелер қала өмірінен өзінің орнын сайлап алуға тырысса, бұрын танылып үлгерген нысандар ел талғамын қанағаттандыру үшін жаңа әдістер ойлап табуға жанталасуда. Атап айтсақ, донер-кебаб дайындайтын кейбір мекемелер кәуапты да өз мәзіріне қосып үлгерген. Бүгінгі таңда облыс орталығындағы 20 мекемеде кәуаптан дәм татуға болады. Экологиялық қауіпсіздік орталығы мамандарының айтуынша, бұл тек санитарлы эпидемиологиялық талаптарды орындағандары. Ал бұл талаптарды келістірмеген тағы 20 нысан бар.

- Тұрғын үйлерге жақын орналасқан мұндай мекемелер қоғамдық тамақтану орындарындағы санитарлы эпидемиологиялық талаптарды бұзған болып табылады. Тұрғын үйлермен жанасып тұрған мейманханалар жоқ емес, - дейді Геннадий Леонидович. - Кәуап түтінінің өзінде де бір құшақ зиянды заттар бар. Атап айтқанда, түтін құрамында көміртек тотығы, азот тотығы, қатқыл бөлшектер, целлюлоза, лигнин, шайыр, таниндер, майлар, эфир майлары және басқа да диоксидтер кездеседі. Тек кәуап емес, жеңіл және өзге де тағамдар дайындайтын ошақтардың барлығы зиянды заттар эмиссиясының көзі екенін айта кету керек.

Өскеменнің өзегін талдырып тұрған экологиялық мәселелер жетеді. Қаламызда күн санап қаптап келе жатқан көліктер санын, ядролық отын банкі, құрыш қайнатқан зауыттардың аясында бұл мекемелердің зияны шамалы көрінеді. Мұны өңіріміздегі кәуап дайындайтын мекемелердің қызметкерлері де айтады. Біз қаламыздағы ең танымал мекемелердің есігін қағып, қызметкерлерімен тілдесуге тырысып көрдік. Барлығы пікір беруден бас тартты. Амал нешік, кәуап дәмін татуға келген клиенттерден жауап алуға тырысып көрдік.

- Зауыттар мен көліктерден шығатын зиянды қалдықтардың жанында кәуаптың түтінінен уланып жатқан адамдар жоқ қой, - дейді Дәулет Расулов есімді қала тұрғыны. - Газ жұтқаннан, дәмді тағам жұтқанның зияны шамалы. Бұл тағамды дайындаудан тек табиғи газ бөлінеді. Ал зауыттар мен көліктерден химиялық заттар бөлінеді. Айырмашылығы байқалады ғой? Иә, үйімнің іргесінде күні-түні ет қақталып жатса, мен де қарсы болар едім. Бұл кемшілікті мойындауға болады. Бірақ бұл тек менің үйімнің мәселесі болады. Ал ірі кәсіпорындар тегіс қалаға кесапат келтіріп жүр. Меніңше, тек тағам дайындайтын нысандарды тұрғын үйлерден аулақ салса болғаны.

Еліміз кәсіпкерлікті барынша қолдауға тырысуда. Ал «ас өмірдің арқауы» болып отырған салалар кәсіпкерліктің ең ұтымды жолы. Қолдау қолдауымен, бірақ езгіге салған экологияның екпінін бұзбай қолдаса етті... 

Следующая →