Тендер байқауы заңға сәйкес жүргізілмеген
Облыста сегіз ауылдың су құбырын жөндеу жұмыстары уақытынан кеш басталуы мүмкін
Бұған басқармалардың тендер байқауын заңға сәйкес жүргізбеуі себеп болған.
Мәселен, ШҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы 2017 жылдың қараша айынан желтоқсан айына дейін сегіз ауылдың су құбырларын қалпына келтіру бойынша мердігер компаниялар арасында байқау жариялап, сегіз компанияны іріктегенімен, мемлекеттік аудит қызметі үш компанияның құрылыс жұмыстарын жүргізуге жарамайтындығын анықтаған. Басқарма басшысының айтуынша, бұған мердігер компаниялардың жұмыс тәжірибесінің жетіспеуі, жұмыскерлері мен техникаларының жоқтығы себеп болған. Әрі су құбырларын қашан жөндеп бітіретіндігін де нақты көрсетпеген. Ал кейбірі жөндеу жасайтын емес, жай ғана үйлестіруші делдал компания болып шыққан.
Соған байланысты ШҚО Энергетика басқармасы Бесқарағай ауданындағы Қарағайлы, Ерназар ауылдарының, Үржар ауданындағы Қаратұма ауылының су құбырларын жөндеу бойынша тендер байқауын қайта өткізбек.
- Сегіз жобаның бесеуі мақұлданып, Катонқарағай ауданындағы Аққайнар, Солдатово атты екі ауыл, Көкпекті ауданындағы Бастаушы, Көкпекті, Теректі атты үш ауылдың су құбырларын жөндеуші мердігер компаниялар анықталып, 2,9 млрд теңге бөлініп отыр. Ал қалған үш ауылдың су құбырын жөндейтін компаниялар 2018 жылдың 24 қаңтарында анықталатын болады. Бұған 1,3 млрд теңге қаралған, - дейді ШҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Алмат Арсламбаев.
Ал облыс әкімі Даниал Ахметов басқарма басшысын мердігерді анықтау үшін өткізілген байқаудың министрлік бекіткен талаптарға сай жүргізілмегенін айтып, біліксіздік танытқаны үшін сынады.
Сол сынды ШҚО Мемлекеттік сатып алу және коммуналды меншік басқармасы жеті ауылдың құбырын жөндеуге байқау өткізіп, тек екеуіне ғана лайықты мердігер таба алған. Қалған бесеуіне тасымалдаушылар шағым түсірген.
- Жеті нысанды жөндеуге 11 млрд теңге қарастырылған. Үржар ауданындағы Мақаншы мен Көкпекті ауданындағы Самар ауылында су құбыры мен су бөгенін салу жұмысына тартылатын мердігерлер анықталды. Ал қалған бес жобаның мердігері ақпан айының ортасында белгілі болады, - дейді басқарма басшысы Болат Акужанов.
Мердігері анықталмаған бес ауылға Тарбағатай ауданындағы Ақжар ауылы мен Күршім, Глубокое ауданындағы ауылдар жатады.
Ал басқармалар байқауды қайта өткізетіндіктен, олардың жобалық құжаттары қайта жасалмақ. Ал бұған қосымша қаржы мен уақыт кететіндігі белгілі. Сондықтан аталған ауылдардағы жөндеу жұмыстары да уақытша кері шегеріледі.
Конкурс қайта жарияланды. Ал аталған нысанның орындаушылары қаңтар айының соңы мен ақпан айының ортасында белгілі болады. Мемлекеттік сатып алу конкурсын қадағалауға, жеңімпазын анықтауға БАҚ өкілдері де қатыспақ. Мұны облыс әкімі Даниал Ахметовтің өзі ұсынып отыр.
Следующая →

Тақырыптар: