Оқушы мас күйінде комаға түскен
15 жастағы Зырян тұрғыны алкогольді ішімдікке уланып ауруханаға түскен
Тергеу барысында анықталғандай, қыз бала жергілікті Мәдениет үйіндегі кеште ішімдік ішкен.
Қыздың жай масайып кетпегеніне көз жеткізген достары жедел жәрдем шақырған. Ауруханада дәрігерлер тоғызыншы сынып оқушысына көмектесіп, болған оқиғаны полицияға хабарлаған. Қыздың ата-анасына қатысты ҚР ҚК 140 бабы 1 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Следующая →