ШҚО-да Ескі жаңа жыл мерекесінде ер адам өртеніп кетті
Оқиға Жарма ауданындағы Шар қаласында болған
13 қаңтар күні Қабанбай батыр көшесіндегі екі қабаттың үйдің ішінде өрт болған. Алайда үй иелері өрт сөндірушілерді шақырмай-ақ жалынды өздері сөндірген. Екінші қабаттағы өрт бірінші қабатқа қарай шапшыған кезде ғана үй иелері құтқару қызметіне хабарласқан.
Өртті сөндіруге үш сағаттай уақыт кеткен.
ШҚО ТЖД-нің мәліметінше, өртенген үйдің ішін тексере келе 48 жастағы ер адамның күйген мәйітін тапқан. Отқа дұрыс қарамаудың, қауіпсіздік техникаларына мән бермеудің кесірінен өрт шыққан.