Қасқыр атып, тері өткізгендерге ақша төленеді
Ұлан мен Катонқарағайда қасқырлар қаптап кеткен
Аңшылық куәлігі мен аң атуға берген жолдамасы бар тұрғындар қасқыр атып, қанжыға майлай алады.
Азулы жануардың санын азайту мақсатында ШҚО Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы қасқыр атып, оның терісін әкеп мекемеге өткізген жандарға «қаламақы» төлеуді ойлап отыр.
- Қасқырдың терісіне 12 мың теңге, бөлтіріктің терісіне 6 мың теңге төленеді, - дейді инспекторлар.
Былтыр 395 қасқыр атылған екен.