Өскеменде 9 қаңтар күні дабыл қағылады
Хабарландыру қондырғылардың қалай жұмыс жасайтындығын тексеріп көру үшін Өскемен қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы дабыл үнін қоспақ
Бұл ертең, 9 қаңтар күні болмақ. Бұл күні «Бәрінің назарына!» атты сигнал берілгенде, тұрғындар теледидар не радионы қосып, маңызды ақпаратты тыңдауы керек. Радионы ұялы телефон арқылы да қосуға болады. Ол үшін 104,0 толқынындағы «Қазақ радиосын» қосу қажет.
Ал ақпаратты "Хабар", "31 канал", "КТК", "Қазақстан" сынды телеарналардан тыңдап білсе болады.
Тақырыптар:
Сирены в Усть-Каменогорске