Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Олеся Краскова
Ақпарат көзі:
Устинка

Трамвай паркі электр қуатынсыз қалуы мүмкін

«Шығысэнерготрейд» ЖШС 23 қаңтардан бастап электр қуатын беруге шектеу қойылуы мүмкін екендігін мәлімдеді

Ұйымның мәліметтеріне сүйенсек, бүгінгі таңда парктың қарызы 69 млн теңгеге жеткен. Электр қуатын беруді тоқтату туралы ескерту өткен жылдың қарашасынан бастап түсе бастаған. Ол кезде парк директоры Анатолий Успенский «Шығысэнерготрейд» ЖШС басшылығына қарызды өтеу кестесін көрсетіп, келісімге келген болатын. - Бұл кесте бойынша қарыз өтеліп жатқан жоқ, - дейді «Шығысэнерготрейд» ЖШС өндіріс бойынша бас директорының орынбасары Мстислав Мартемьянов. - Қарызды өтеу бойынша парк тарапынан ешқандай әрекет жасалып жатқан жоқ. Бүгін барлық құзырыл органдар, қалалық әкімшілік пен трамвай паркінің басшылығы да жазбаша ескерту алған. Хабарламада 23 қаңтарға дейін қарыз толық төленбесе, электр қуатын беруге шектеу қойылатындығы көрсетілген. Ал қалалық әкімшіліктің баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, ондай жағдайда жергілікті билік автобус маршруттарын шығаруға дайын. Яғни, бұған дейін осындай жағдай орын алғанда бірнеше күн ғана қатнаған №15 және 27 бағыттағы маршруттар қайта шығарылуы ықтимал.
Следующая →