Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ирина Николенко
Ирина Николенко
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да полицейлер жолда тоңып қалған жүргізушіні құтқарды

Жол полициясының қос қызметкері жүргізушіні жолда қалдырмай, Өскемен қаласына дейін жеткізіп тастаған

Өскемен-Риддер тас жолына шыққан полицейлер облыс орталығынан бес шақырым ұзаған жерде «Апат» белгісін жағып жолда қаңтарылып тұрған көлікті көрген. Лейтенант Алмас Игімбаев пен кіші лейтенант Заңғар Шаймарданов құр тұрған көліктің ішінде адам отырғанан байқаған.

Келіп қараса, көліктің ішіндегі жүргізуші қатты тоңып қалған екен. Ал термометр -30 градусқа дейін төмендеп кеткен еді.

Жүргізуші полицияның қызметтік көлігіне отырып, жылынған соң, Өскемен қаласына аз-ақ қалғанда көліктің сынып қалғанын, ал өзімен бірге Белоусовка кентінен шыққан жанұясын жолсерікке салып жібергенін, өзі эвакуаторды шақыруға мүмкіндік болмағанын айтқан. Жүргізуші суық көлікте 40 минуттай отырған.

Полицейлер эвакуаторды шақырып, көлікті Өскеменге дейін жеткізіп салуға көмектескен.


Следующая →