Өскеменде әккі ұрылар қолға түсті
Облыс ортылығының тәртіп сақшылары бағалы заттарды ұрламақ болған үш ұрыны қолға түсірді
Полиция қызметкерлері бірнеше пәтер ұрлығына қатысы бар күдіктілерді анықтады. Үш азамат та облыс тұрғындары болып шыққан. Бірі Марқакөл, бірі Тарбағатай, енді бірі Үржар аудандарының тумасы.
Тергеу нәтижесінде ұрылардың бұрын істі болғандығы анықталған. Өскемен қалалық ІІБ баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
Следующая →