Өскеменде су тазарту құрылысы салынады
Су тазарту ғимараты Жаңа Согра кентінде салынады
Өйткені мұнда салынған су тазарту құрылысы ескі, 1958 жылы салынған.
- Ғимарат салынып бітсе, Жаңа Согра, Радужный, Солнечный кентіндегі тұрғындар таза сумен қамтылады. Бұл шағын аудандар мен өндірістік кәсіпорындарға күніне 8000 текше метр таза су қажет. Ал қазіргі құрылыс мұны орындай алмайды, - дейді Энергетика және тұрғын үй коммуналды шаруашылық басқармасы.
Ал су тазарту құрылысын жаңартуды Польшаның «ЭКОЛОГ» атты компаниясы қолға алады. Шетелдік компания науадан тұрған суды арнайы бактериялар арқылы тазартуды ұсынып отыр. Ал одан шығатын жағымсыз иіс жойылмақ.