Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Виктор Скрипниченко
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да жас қызды зорлады деп айыпталған экс-депутаттың қылмыстық ісі жабылды

Ал зорлық көрген 19 жастағы Елена Иванова құқық қорғау органдарының бұл әрекетіне шағымданып отыр

Өткен жылдың тамыз айының ортасында Шемонаиха ауданының 19 жастағы тұрғыны Елена Иванова аудандағы ірі кәсіпкерлердің бірі оған зорлық жасағанын айтып, полицияға арызданған болатын. Кейін белгілі болғандай, бұл кәсіпкер аудан мәслихатында депутат болып қызмет атқарған екен.

Алайда бұл қылмыстың іс ашылғанмен, желтоқсан айының соңында жабылып қалған. Бұл жайында «Не молчи!» атты қоғамдық қозғалысының негізін қалаушысы Дина Смаилова Фейсбук желісінде «ШҚО ІІД Елена Иванованың ісін ЖАУЫП тастады!» деп хабарлаған болатын.

Бұл іс әлеуметтік желіде қызу талқыға салынып кетті. Ал обылстық құқыққорғау органы бұған қатысты ешқандай түсініктеме бермеді. Есесіне, мұның жауабын департамент енді ғана беріп отыр.

- ҚР Қылмыстық атқару кодексінің 35 бабы, 2-тармағының бірінші пунтісіне сай, қылмыстық істің болғандығын растайтын дәлелдің жетіспеу себепті іс тоқтатылды, - деп түсініктеме берді ШҚО ІІД баспасөз қызметінің басшысы Б.Торғаев.

Алайда арыз беруші құқық қорғау органдарының бұл мәлімдемесімен мүлдем келіспейтіндігін айтып отыр. 

Следующая →