Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Олеся Краскова
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскемендегі трамвай паркінің ісі Жоғарғы сотта жеңіліс тапты

Кәсіпорын салықты толық төлемеген. Соңғы бес жыл бойы мемлекетке берешек болып келген

Қазіргі уақытта кәсіпорынның есепшоты құлыпталып қалған. Сондықтан трамвай паркі елдің бас прокурорынан көмек сұрап отыр.

Ал Өскемен қаласының әкімдігі өткен жылдың аяғында трамвай паркін сатып алғысы келетіндігін мәлімдеген болатын. Әкімдіктің ойынша, кәсіпорынның электр жарығына төлейтін қарызын толық өтей алмауы мүмкін. Алайда кәсіпорын басшылығы бұған келіспеген.

- Кәсіпорынға инвестиция келді. Қазіргі уақытта құжат рәсімдеу жұмыстары жасалуда, - дейді кәсіпорынның директоры Анатолий Успенский.

Инвестиция арқылы құйылған қаржы вагондарды ауыстыруға, электр бағандарын жөндеуге, қарызды өтеуге жұмсалмақ.

- Белоруссия мен Германияда жасалған вагондар сатып әкелінбек. Белоруссиядағы кәсіпорынмен келісіп қойдық. Ал Германиядан сатып алынатын вагондардың құжаттары жасалуда, - дейді директор.

Алайда мұның бәрі зая кеткендай болды. Өйткені ҚР Жоғарғы соты салық органдарының шағымын дұрыс деп тауып, кәсіпорынға қалған қарыздарын қайтаруға міндеттеген. Сондықтан кәсіпорынның есепшотын құлыптап тастаған.

- Салық органдарының талабы заңға сай емес, - дейді Анатолий Анатольевич. - "Шығысэнерготрейд» ЖШС алдындағы берешекті де қолдан жасап отыр. Парктің жұмысына кедергі келтіргісі келеді.



Следующая →