Семейде тәттіқұмар қолға түсті
Семей қаласының тұрғыны азық-түлік дүкенінен қымбат төрт қорап шоколадты кәмпиттерін ұрлап шыққан
Алайда тәртіп сақшылары 28 жастағы бұзақыны қолға түсірді.
Дүкен иелері полиция қызметінен көмек сұрап, сөреде тұрған Merci кәмпиттерінің төрт қорабы жоғалғанын айтқан. Тәртіп сақшылары бейнебақылау камералары арқылы ұрыны анықтаған. 28 жастағы ұры қолға түсіп, өз кінәсін мойындады.
Тергеу барысында анықталғандай, азамат бұған дейінде осындай әрекеттері үшін бірнеше рет істі болған көрінеді. ШҚО ІІД баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, оған қатысты ҚР ҚК «Қылмыс» 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Следующая →
Тақырыптар:
Правоохранительные органы ВКО