Хорватия мен Венгрия босқындарда депортациялауда
Хорватия мен Венгрия 2017 жылдың өзінде Сербия территориясына 1,5 мың босқынды заңсыз депортациялап жіберген
Хорватия күн сайын Сербияға отыз адамды депортациялап жіберсе, Венгрия бір жылдың ішінде мың адамды депортациялаған, деп хабарлайды Тасс.
Мамандардың айтуынша, Сербияға қашып келген босқындар бұл елде тұрақтап қалмай, ары қарай ЕуроОдақ мемлекеттеріне өтіп кетеді. Ал бір жылдың ішінде Сербия арқылы Еуропаға бір миллионға жуық босқын өтіп кеткен.