Өскемен базарларында шырша сатуға рұқсат етілді
Тек Ресейден әкелінген шыршаларды ғана сатуға рұқсат етіліп отыр. Ал Қазақстанда өсетін шыршаларды сатуға болмайды
Өскемен базарларында, Fresh Market гастрономы алдында Ресейден келген шыршалар көптеп сатылуда. Орташа бағасы – 45оо теңге.
- Бұл – Ресейдің Қорған облысынан келген шыршалар. Қылқан жапырақты ағаштар Өскемен Астана арқылы жеткізілді. Рұқсат қағазы бар. Қазақстан мен Ресейде өсетін шыршаларды айыру оңай. Біздегі шыршалардың инесі жіңішке, түсі алабарқын-көкшіл келеді. Ал Ресейде өсетін шыршалар жасыл түсті әрі инелері жуандау болады, - дейді Өскемен ІІБ табиғатты қорғау полициясының басшысы Дархан Айтқазин.
Қазіргі уақытта Ресейден Қазақстанға 300 шырша жеткізілген.