Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Михаил Козлов
Ақпарат көзі:
Устинка

Маймылдың артынан қуған турист өлім аузынан қалды

Ал маймыл туристің бас киімін алып қашқан. Өзінің сүйікті бас киімі болғандықтан, ол да қарап тұрмай, маймылдың артынан қуамын деп, он метрлік ғимараттан құлаған

Джефф есімді америкалық турист Индонезиядағы Бали курортына демалуға барған. Пенсильвания шататының "Питтсбург Стилерс" командасының жанкүйері болғандықтан, ол клубтың логотипі белгіленген кепканы киіп жүруді әдетке айналдырған. Ал қалада қыдырып жүргенде маймыл оның бас киімін тартып алып кетсе керек. Ашуға берілген турист оны қуа жөнелген.

Маймыл биік ғимаратқа шығып кетсе, жанкүйер жігіт оның артынан қалмай қойған. Маймылдан бас киімді тартып алғанымен, он метрлік ғимараттан құлап, естен танып қалған. Оны жергілікті тұрғындар тауып алып, ауруханаға жеткізген. Алайда дәрігер оңды жаңалық айта қоймады – Джеффтің аяғы сал болып қалатындығын айтқан. Қазір комда жатыр.

- Джефф Балиден «Питтсбург Стилерс» командасының бас киімін сатып ала алмайтындығын білген соң, маймылды қуа бастаған, - дейді зардап шегушінің әкесі Лирик Свиндельгейм.

Джеффтің Индонезияда саяхаттағанына жарты жыл болса да, ол медициналық сақтандыру жасамаған. Ал ата-анасы емге қажетті 70 мың долларды қайырымдылық қорлары арқылы жинаған. Бұл қаржы жігітті Индонезиядан Малайзияға жеткізу үшін жұмсалған. Жігіт әлі ұзақ уақыт бойы ем қабылдайды.



Следующая →