Шыршаны кесуге қарсы
Жаңа жыл қарсаңында әкімшілік маңындағы шыршалардың кесілуі халық наразылығын тудырды
Глубокое әкімшілігі өкілдерінің айтуынша, ғимарат маңындағы шыршалар кесіп алынып, мерекелік шараларда қолданылады.
Ғимарат алдында өсіп тұрған алты шыршаның бірін кесіп алған, енді қалған шыршалар да кесілетіндігі халық наразылығын тудыруда.
- Әкімішлік қызметкерлері Абай ескерткішін жауып тұр дегенді желеу етіп алдымен екі шыршаны кесіп тастады. Мен әкімшілікке шағымданғанымда ондағылар бұл аудан әкімінің бұйрығы екенін айтты, - дейді ардагерлер ұйымының төрайымы Любовь Романова. – Артынша барлық шыршаның кесілетіндігін де ескертті.
Следующая →