Мәскеу тұрғыны виртуалды көзәйнек киіп қайтыс болды
44 жастағы ер адам өзінің үйінде қансырап жатып қайтыс болған
Оның анасы үйге өзінің кілтімен есік ашып кірген. Кіре салысымен үйдің қабырғалары қан-жоса болып жатқанын байқаған. Ал қонақ бөлмеге кірсе, виртуалды көзәйнек киген ұлының өліп жатқанын көрген.
Мамандар қайғылы оқиғаның қалай өрбігенін анықтады. Оқиға былай болған. Ер адам әскери нысанға қажетті политсыз ұшу аппаратын жасамақ болып, оған виртуалды басқару бағдарламасын жасап шығарған. Ал жасаған бағдарламасын сынап көрмек болған азамат оны үйге әкеліп, бөлмелердің біріне кіріп алып көзіне виртуалды көзәйнекті таққан.
Алайда көзәйнек үйдің ішіндегі кейбір кеңістіктің нақты көрсете алмаған болуы керек, ер адам әйнек үстелдің үстіне шалынып құлап, ауыр жарақат алған. Естен танып, бірнеше минуттың ішінде-ақ қансырап қайтыс болған.