Өскеменде ауа қалдықтарын көрсетіп отыратын сайт бір ай бойы жұмыс істемейді
Өскеменде өңірлік өндірістік-экологиялық жүйені өлшеу мониторингі 15 қаңтардан бастап уақытша істемейді
Қаланың әр бөлігіндегі ауа қалдықтарының мөлшерін есептеп көрсетіп отыратын Экологиялық қауіпсіздік сақтау орталығының ceb-uk.kz сайты бір ай бойы жұмыс жасамайды.
- Өндірістік-экологиялық жүйені өлшеу мониторингі Мәскеу қаласына апарылып, бір ай бойы тексеріледі, - дейді мекеменің баспасөз хатшысы Елена Полянцева.
Мұндай тексеріс былтыр да болған. Ол кезде тексеріс жұмыстары екі жарым айға созылған болатын.
Ал бұл уақыт аралығында ауа қалдықтарының мөлшерін «Қазгидромет» республикалық кәсіпорнының Шығыс Қазақстандағы филиалы анықтап отыратын болады. Алайда кәсіпорынның талдау нәтижелерін қарапайым тұрғындар көре алмайды.