Жапония әскери салаға бөлетін қаржы көлемін ұлғайтты
Солтүстік Кореядан келетін қауіптің алдын алу үшін әрі зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін жетілдіру үшін Жапония үкіметі осындай қадамға барып отыр
Жұма күні Жапонияның премьер-министрі Синдзо Абэ әскери қазынаның 2018 жылға арналған бюджетін бекітіп, 5,19 трлн иен ($46 млрд) қаражат бөлуге келісім берді. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 1,3 пайызға артық.
Оның ішінде $208 млн қаржы Aegis Ashore заманауи зымыран жүйесін сатып алуға жұмсалмақ. 2012 жылдан бастап Синдзо Абэ Жапонияның премьер-министрі атанғаннан бері әскери салаға бөлінетін қаржы алты рет көбейтілген. Ал оның басшылыққа келуіне дейін әскери салаға бөлінетін қаржы, керісінше, азайтылып келген.