Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Григорий Прыгов
Ақпарат көзі:
Устинка

Куленов кентіндегі ыстық су құбырынан жанармайдың дәмі шығып тұр

Тұрғындардың айтуынша, құбырдан келетін судың бензин «сасып» тұрғанына он шақты күн болған

Тұрғындар болса, денсаулығына алаңдап отыр.

- Былтыр да бір рет қайталанған. Судан бензиннің дәмі шығып тұрады. Бірақ ол кезде екі күннен кейін ол дәм өзінен-өзі жоғалып кеткен еді. Ал енді он күн болды, бензиннің дәмі әлі кеткен жоқ. Біз Жылу жүйелеріне хабарласқан едік, олар суды құйып алып, тексереміз деп алып кетті. Ал Тұрғын үй пәтер иелері кооперативі бүкіл кенттің суы «бензин» татып тұрғанын айтады, - дейді кенттің Арай есімді тұрғыны.

Ал «Өскемен қаласы Жылу жүйелері» АҚ жағдайды өз қолына алғандығын жеткізді.

- Кәсіпорында судың құрамы мен дәмін тексеретін арнайы лаборатория бар. Біз Куленов кентінде алынған судың құрамын тексерудеміз. Біздің ойымызша, судан мұндай дәмнің шығуына пластик құбырлардың орнатылуы себеп болуы мүмкін. Алайда нақты себебін әлі анықтап көреміз, - дейді Жылу жүйесінің жылу энергиясын беру жөніндегі директор Дулат Шарипов.

Алайда Арайдың айтуынша, үйге пластик құбырлар орнатылмаған. Дулат Шарипов болса, суға жасалған талдама қорытындысының қашан шығатынын айта алмады. 



Следующая →