Өскеменде ойыншық аюды петардамен жарып көрді
ТЖБ мамандары ойыншықты жасанды нысанаға қойып, жарып көрді
Облыс орталығының құтқарушылары мерекелік пиротехниканың қауіптілігін шынайы түрде көрсетті
Бұл үшін танымал петардалар ойыншық аю үлгісіндегі нысанға орнатылып, «отшашу» тамызылды. 5-10 секунд ішінде жарылғыш құрал аюдың парша-паршасын шығарды.
- Петардалардың құрамына жарылғыш, жанғыш заттар мен қышқылдандырғыштар кіреді, - дейді ТЖБ баспасөз қызметкері Марина Лискова. - Сондықтан бұл өнім үлкен сақтықты талап етеді. Көптеген тұрмыстық петардалар секундына 3-5 миллиметрге жанатын жіңішке фитильден тұрады.
Баспасөз қызметкерінің айтуынша, қауіпті аймақ радиусы алпыс метрге дейін жетуі мүмкін. Құтқарушылар қауіпсіздікті қатаң сақтау керектігін ескертеді.