Өскеменде тегін заңнамалық кеңес беретін орталық ашылды
Орталық бүгін Ворошилов көшесі, 68-үй мекенжайында орналасқан қалалық прокуратура ғимаратында ашылды
- Құқыққорғау қызметі орталығында кез келген мәселе бойынша көмек беріледі. Мұнда салық төлеу, адвокат қызметі, сот орындаушылары, мемлекеттік орган мен Халыққа қызмет көрсету орталығы мамандары отырады, - дейді ШҚО Прокурорының орынбасары Виталий Шабер.
Ал ашылған орталықты көруге келген облыс әкімі Даниал Ахметов мұнда 746 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілетіндігін айтып, прокуратураның жұмысына ризашылық білдірді.
Алдағы уақытта облыста тағы да осындай бес орталық ашу жоспарда бар.