«Шығысэнерготрейд» электр жарығының төлемақысын өсіруді ойлап отыр
Кәсіпорын электр жарығын 4 қаңтардан бастап қымбаттатуды ойлап отыр
Қазіргі уақытта электр жарығына төленетін ақының мөлшері 1кВт/сағатына 11,106 теңге болса, онда жаңа жылдан бастап ол 12,055 теңгеге тең болмақ.
Мамандардың айтуынша, төлемақыны өсіруге электр жарығын тасымалдаушы ұйымның қызметақысының өсуі, банктен алған несиені қайтаруға кәсіпорын қаржысының жетпеуі себеп болған.
- Қыста электр жарығын өндіру қиын. Сондықтан жылу станцияларына кететін шығынды өтеу үшін банктен несие алғанбыз. Қазіргі уақытта «Шығысэнерготрейд» ұсынып отырған төлемақы елдегі ең төменгі төлемақы түрі болып саналады, - дейді кәсіпорынның бас директорының орынбасары Мстислав Мартемьянов.
Ал Табиғи монополияларды реттеу комитетінің бұл мәселені түбегейлі қарастырып, заңға сай немесе сай еместігін анықтап көрмек. Содан кейін ғана төлемақыны қымбаттату жөнінде шешім қабылдамақ.