Филиппинде әскери қимылдар уақытша тоқтатылмақ
Рождество мерекесіне орай Филиппин аралдарындағы үкімет пен қылмыстық топтар арасында жүріп жатқан әскери қимылдар уақытша тоқтатылмақ
Бұл жайында мемлекет басшысы Родриго Дутерте хабарлады. Президент ел халқының мерекені тыныш, бейбіт қарсы алғанын қалайды.
Филиппин Қарулы күштері 24 желтоқсан мен 2 қаңтар күндері аралығында әскери режімді тоқтатып, елдің тыныштығын күзетуге кіріспек.
- Жаңа Халық әскерінің де сарбаздары бізді үлгі тұтып, әскери қималдарын уақытша болсын, тоқтата тұратындығына сенім білдіремін, - дейді президент өкілі Гарри Рок.