Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Устинка

Зейнетақысын алуға кеткен ер адам үйіне әлі қайтпаған

Бесқарағай ауданы, Көпір ауылының тұрғыны 77 жастағы зейнеткердің туыстарының айтуынша қарияның жоғалғанына бесінші күн болған

Құмар Құмарханов 13 желтоқсанда өз ауылынан Бесқарағайға зейнетақы алу үшін шығып, ары қарай Семейге кеткен. Туыстары атаның 15 желтоқсанда қайтып келуі керек болғанын айтады. - Екі күн бойы туыстардың үйінде қонақта болған, - дейді зейнеткердің келіні Индира Құмарова. - 15 желтоқсан күні біздің ауылға қарай бет алған көліктерді тоқтатып, жол бойында тұрған көрінеді. Ең соңғы рет оны жергілікті такси жүргізушілерінің бірі көрген екен. Ол көлік салоны жолаушыларға толы болғандықтан қарияны алып кете алмаған. Бірақ көлікті тоқтатып, 15 минуттан кейін автобус келетіндігін айтқан. Дегенмен зейнеткер үйіне қайтып оралмаған. Қарияның келінінің сөзіне сүйенсек, Құмар Құмархановтың ұялы телефоны да жоқ екен. Жоғалған азаматтың туыстары полиция қызметіне арыз жазды. Зейнеткерді іздестіру жұмыстарына "Rina.KZ Семей" еріктілері де жұмыслды. Жоғалған азаматтың үстінде шалбарлы костюм, қоңыр жұқа күрке, қыстық қалпақ, қолында дорбасы болған. Қарияның туыстары зейнеткер туралы қандай да бір ақпарат білетін азаматтар болса, 8-777-064-37-14, 8-705-422-24-85 (келіні Индира), 8-747-349-57-17 (ерікті Евгения Павел) немесе 102 нөміріне хабарласуларын сұрайды.
Следующая →