Өскемен жастары көліктерге Тәуелсіздік күні жазылған жапсырмаларды жабыстырып шықты
Тәуелсіздік күніне орай, Өскемен қаласының студенттері мен оқушылары екі күндік акция өткізуге бел буған
Акцияны ұйымдастырушы, қалалық мәслихат депутаты Екатерина Савицкая жастардың жүргізушілерге жапсырмалар таратып, көліктерге жабыстырып қоюға үндеу тастағанын айтады. Жабыстырманың үш түрі болған. Ал оны ШҚО Жастар ресурстық орталығы басып дайындаған.
- Акция екі күн болады. Бірінші күні біз 40-тан астам көлікке патриоттық мәндегі жабыстырмаларды жабыстырып, сәндеп шықтық, - дейді Екатерина Савицкая.