Өскеменде жалған ақшамен сауда жасаған алаяқ ұсталды
Алаяқ 115 мың теңгеге ноутбук сатып алған
Ал компьютерлік техника сатумен айналысатын саудагерге «ойыншық» ақша беріп кеткен. Алданғанын сезген саудагер бірден полицияға хабарласып, мән-жайды түсіндірген.
- Полицейлер қылмыстың ізі суымай тұрып, алаяқты ұстап алды. Ол бұрын да сотты болған 26 жастағын тұрғын болып шыққан, - дейді ШҚО ІІД баспасөз қызметі.
Ноутбук дүкен иесіне қайтарылды. Ал алаяққа қатысты қылмыстық іс ашылды.