Петропавлдегі еріктілер жылы жаққа ұша алмай қалған бірқазанды өздері асырап жүр
Кішкентай ғана құстың өзі күніне 5 килограмм балық жейтін көрінеді. Әсіресе, мөңке балықты ұнатады екен
Бірқазан жылы жаққа ұшқан ұяластарынан қалып қалған көрінеді. Есіл жағасындағы үйлердің біріне келіп, ауласына құлаған. Тұрғын да құсты қуа қоймаған. Үйрек пен тауықтың қасына қосып қойған. Алайда бірқазанға тамақ табу қиын болғандықтан, қаладағы ботаникалық баққа әкеп өткізген.
Ал бақ қызметкерлерді құстың бір жасқа да толмағанын анықтаған.
- Жасы кіші болса да, жыртқыш құсқа тән мінезі көрсетіп, қыр танытады. Бөтен адамдарды жанына жуытпайды. Ал қарыны ашса, ырылға ұқсас дыбыс шығарады, - дейді "Добрая планета"
қайырымдылық қорын құрушы Татьяна Демина-Мухамедзянова.
Қала тұрғындары да баққа келіп, құсты тамақтандырып қайтады. Айтуынша, құстың тәбеті «күшті».