Өскемен
пасмурно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +14°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +22°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +16°
$
441.44
-1.91
473.09
-2.45
¥
60.96
-0.22
4.75
-0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Виктор Скрипниченко
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменге робот хирург әкелінбек

Облыс орталығының №1 Қалалық ауруханасында роботталған хирургия орталығы ашылады

Жаңа бағыттың көмегімен медицина қызметкерлері жоғары санатты оталар жасап, олардың нәтижелерін алдын ала біліп отыратын мүмкіндікке ие болады. ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы хабарлағандай, бұл жабдықталу деңгейі бойынша еліміздегі жалғыз орталық болмақ.

- Мұның көмегімен өңір тұрғындары жоғары тәжірибелі көмек алатын болады. Ал дәрігерлер науқастың денсаулығына зиян келтіретін жағдайлардың алдын алып, қиын оталарды алдын ала модельдеуге мүмкіндік алмақ, - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Шоранов. - Бұл жерде Қазақстанның кез келген дәрігері дайындықтан өте алады.

Қазіргі таңда қажетті жабдықтардың барлығы сатып алынған. Ал орталық 2018 жылдың бірінші жартысында іске қосылады. Айта кету керек, бұл жерде шетелде дайындықтан өткен жоғары тәжірибелі мамандар ғана жұмыс істейтін болады.

Естеріңізге саламыз, өңір басшысы Даниал Ахметов облыстық медицинаны әлемдік деңгейге жеткізу үшін құзырлы органдарға бес жыл уақыт берген

Следующая →