Өскемендіктер коммуналды қызмет жұмысына қанағаттанбайды
Коммуналды мекеме басшалыр жұмыстың уақтылы істеліп, қала көшелері бірден тазаланып жатқанын хабарлады
Облыс орталығында жауған қарға қала тұрғындары әлеуметтік желіден сын білдірді. Жүргінші жолдар қарға толы, аялдамаларда мұз қатқан деген пікірлер желіні шолуда.
- Қар күні-түні жауып, жұмыс істелмегендей көрінген болар, - дейді мекеме директоры Тарама Рахимжанова. - Бүгін түнде Өскемен көшелері мен жолдарын тазартуға 86 бірлік техника мен 106 адам шықты. Қазір біз қарды шығаруды бастадық. Қазір қаланың барлық көшелерін тазартудамыз. Сол сияқты жеке меншік үйлер аумағына да кірістік.
Айта кету керек қар тазалау үрдісі қала тұрғындарының өздеріне байланысты баяу жүруде. Орнатылған белгіге қарамастан автожүргізушілер тыйым салынған орындарға көліктерді қойып тастаған.