Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Михаил Козлов
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскемен тұрғындары қала экологиясын жақсарту бойынша ұсыныстар айтты

Ұсыныстардың кейбірін өндірісте қолданып, ауаны тазартуға болатын көрінеді.

Экологтар құрылған жұмыс тобы бұған дейін Өскемен қаласы тұрғындарын жинап, экологиялық жағдайды жақсартуға арналған ұсыныстар айтуын өтінген болатын. Ал бір айдың ішінде 120 жоба қараудан өткен, дейді zakon.kz сайты.

Тұрғындардың көбі негізгі төрт мәселені қозғаған. Олар – абат жұмыстарының аздығы, ауаның ластануы, көліктердің көбеюі мен тұрмыстық қалдықтардың өңделмеуі.

– Көпшілігі абаттандыру жасап, көптеп көшет отырғызуды ұсынады. Тұрғындар тал отырғызған тұрғынға өтемақы төлей отырып, оларды бір іске жұмылдыруға болады дегенді айтады. Ал жол қиылыстарының ыңғайсыз орналасқанын айтқан тұрғындар бірнеше көшені көліктердің тек бір ғана бағытта қозғалуына арнап дайындап, бағдаршамды реттеу керектігін жеткізді, - дейді эколог Елена Полянцева.

Николай Кузьмин есімді азамат жасап шыққан жобаға өндіріс орындары қызығушылық танытты. Ол түтін құрамындағы зиянды заттарды буланған судың көмегімен тотықтырып тазалауды ұсынды.



Следующая →