Көшеде ішімдік ішкен
"Жасөспірім-2017" ШААШ барысында 73 әкімшілік құқық бұзғандар анықталды, ата-аналар мен балалар жауапқа тартылады
6 және 9 желтоқсан аралығында пробация қызметі, жасөспірімдер ісі мен олардың құқытарын қорғау комиссиясы, сонымен қатар өзге де қызығушылық танытқан мекемелермен бірлесіп ірі рейд өтті. Анықталғандай 12 ата-ана бала тәрбиесі бойынша өз міндеттерін орындамаған, 11 кәмелеттік жасқа толмаған бала мектепке бармайды. Одан өзге, балаларға темекі мен ішімдік сатқан үш сатушы мен көшеде ішімдік ішіп жүрген алты жасөспірім қолға түскен.
Өскемен қалалық ІІБ баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, 4 бала көңіл көтеру орындарында үлкендерсіз жүрген. Ал сегіз отбасылық жағдайы нашар жанұя тіркеуге алынды.
Следующая →