Youtube каналына бейнежазба салмақ болған ағылшын қызы ауыр жарақат алды
Жасөспірімдер арасында белең алған Aerosol Challenge акциясына қатыспақ болған 10 жастағы қыз қолынан айырыла жаздады
Акцияның мәні мынада. Дезодорантты алып, дененің қандай да бір бөлігіне ұзақ уақыт сеуіп тұруы тиіс. Ал оны бейнетаспаға жазып алып, Youtube желісіне жүктеу қажет. Кім ұзақ уақыт шыдаса, сол жеңімпаз.
Ұлыбританияның Болтон атты қаласындағы он жасар Эбони Уортингтон бұл трюкті қайталаймын, қолына ұзақ уақыт бойы дезодорантты сеуіп тұрып алған. Қолы күйіп қалған жасөспірім ауруханадан бір-ақ шықты.
Басында дәрігерлер қыздың қолын кесіп тастау туралы айтқан. Алайда артынан күйген терінің орнына жасанды тері жабыстыру арқылы емдеу болатындығын шешкен.
- Мұның барлығы ақымақтық. Қызымның күйген қолына қарау мен үшін ауыр болды. Қуанышқа орай, бәрі сәтті аяқталды, - дейді Эбонидің анасы Кирсти Хиткот.