Өскемен
облачно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +7°
  • Астана
    -13°
  • Ақтөбе
    -6°
  • Актау
    +5°
  • Орал
    -3°
  • Қарағанды
    -2°
  • Көкшетау
    -16°
  • Қостанай
    -11°
  • Қызылорда
    +5°
  • Павлодар
    -14°
  • Петропавловск
    -16°
  • Тараз
    +10°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +9°
$
511.22
-1.78
540.05
-1.11
¥
70.61
-0.14
4.73
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Ауылдар қатары сиреп барады...

Статистикалық деректер бойынша, облыста 752 ауылдық елді мекенде 551 мың адам тұрып жатыр

2012 жылмен салыстырғанда ауыл тұрғындарының саны бүгінгі күнге дейін 37,8 мың адамға қысқарған. Соңғы бес жылдың ішінде 40 ауылдық елді мекен статусынан айырылған. 

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 5-тармағына сәйкес ауыл халқының саны 50 адамнан артық болып, онда тұратындардың кемінде жартысын ауыл, орман және аңшылық шаруашылығымен, бал-ара шаруашылығымен, балық аулау мен балық өсіру шаруашылығымен айналысатын қызметкерлер, олардың отбасы мүшелері және қалған бөлігін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары құрайтын елді мекен болуы керек.

- Бүгінгі таңда  облыстық мәслихаттың шешімімен Семей қаласы бойынша 9 адам тұратын Киікқашқан және 19 адам тұратын Қызылжал ауылдары Алғабас ауылдық округінің құрамына енгізілді, - дейді Шығыс Қазақстан облысының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сәуле Улакова. - Сол сияқты Знаменка ауылдық округіндегі 19 адам тұратын Сынтас ауылы, тұрғыны жоқ Көкен ауылы статусынан айырылған.

Бұл тізімнің бастапқы шегі. Бүгінгі таңда Аягөз ауданы бойынша 31 адамнан тұратын - Ақши, Шұбартөс ауылдары, 40 тұрғыны бар - Қарасу, 49 тұрғыны бар - Қараауыл, 50 тұрғыны бар - Нарын, 20 адамы қалған - Сатай, 30 тұрғыны бар - Шағрай ауылдары да статустарынан айырылған. Ауылдық елді мекендерді қысқарту аясы Бесқарағай ауданын да айналып өтпеген. Аудандағы Полянка мен Аккульск ауылдарында шаңырақ та қалмаған. Бұл бүгінгі күннің есебі. Экономика басқармасының мамандары 2018 жылы ауылдық статусынан айырылуы ықтимал елді мекендерді де атады. 

- Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының келесі отырысының күн тәртібіне Көкпекті мен Күршім аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылыстарын өзгерту мәселелерін шығару жоспарлануда. Атап айтқанда, Көкпекті ауданындағы 51 тұрғыны бар - Қарғалы, 43 тұрғыны бар - Қызылжұлдыз, 25 адам қалған - Өрнек, 15 тұрғыны бар - Каменка ауылдарын және Күршім ауданы бойынша 31 адам қалған - Матабай, 25 тұрғыны бар - Мойылды, 8 тұрғыны бар - Тосқайың және тұрғыны жоқ Чердояқ ауылдары қамтылады, - дейді Сәуле Тұмашқызы. - Ал 2018 жылдың І жарты жылдығында Семей қаласына қарасты Социалистік Қазақстан, Глубокое ауданындағы Красная Заря және Волочиха елді мекендерін, Катонқарағай ауданындағы Ульяновка және Маралды ауылдарын қысқарту жоспарлануда.

 Облыс әкімінің қаулысына және облыстық мәслихаттың шешіміне сәйкес 2017 жылы қысқартылған 14 ауылдық елді мекен жақын маңда орналасқан округтердің құрамына кіргізілген. Дегенмен тұрғыны сиреп, керегесі керілген ауылдардың тұрғындарынан осы мәселеге қатысты пікірлерін білген едік. 

- Негізі мұндай түтіні сиреген ауылдарды жабу керек, - дейді Көкпекті ауылының тұрғыны, өлкетанушы Қайрат Малғаждаров. - Себебі үкімет бұл ауылдардың тұрақтылығына қаржы жұмсап отыр. Экономикалық жағынан бұл тек шығын. Бұл мәселенің бір тұсы. Ал екіншіден, елдің азғандығы деп бағалауға болады. Мысалы, байлығы асқақтаған ауыл жігіттері жоқ емес. Бірақ олар өз ауылына барып, егінін жыртып, малын өріске шығарғысы келмейді. Сол сияқты қарапайым мысалды Өрнек ауылымен келтіруге болады. Жүздеген адамға жұмыс беріп, ауылдың аражігін ауданда сақтап қалу үшін тырмысып жүргендер бар. Мұның барлығы адамдарға байланысты. Еліне туған ері қарамаған, «өз ауылымның түтіні түзу шықсын» демегендерді түсіну қиын. Ауылдардың бір жолын қардан тазалап отыру үшін қыруар қаражат керек. Ал түтіні сиреген ауылдарда экономикалық игерім болмаса, тек ел қазынасына шығын болады. Тіпті, өз басым құрығалы тұрған ауыл іргесін қайта көтеруді ұсынған кезім болған. Екі-ақ кісі қол созса, қалған қалталы адамдар қараң қалған жерге қарағылары келмеген. Құрыған ауылдың бір белгісі – халқының азғандығында. 

Өлкетанушы аудандағы Тассай ауылының бұрынғы түлектері өз туған жерлеріне саябақ салып, енді жолды жөндейміз деген ниет білдіріп отырғанын айтады. Ал басқа ауылдың түлектері өсіп-өнген шаңырақтарында ат шаптырып, бәйге жасап жата береді. Сондықтан халықтың азғаны – ауылдың азуына алып келетіні осыдан.
Айта кету керек, бүгінгі таңда халқы 50 адамнан кем 53 ауылдық елді мекен бар. Сол сияқты тірі жан қалмаған 3 елді мекен тіркелген. Бұл ендігі бес жылда ауыл санының тағы 50-ге қысқаратынын айғақтайды. 
Следующая →