Өскемен
облачно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +7°
  • Астана
    -13°
  • Ақтөбе
    -6°
  • Актау
    +5°
  • Орал
    -3°
  • Қарағанды
    -2°
  • Көкшетау
    -16°
  • Қостанай
    -11°
  • Қызылорда
    +5°
  • Павлодар
    -14°
  • Петропавловск
    -16°
  • Тараз
    +10°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +9°
$
511.22
-1.78
540.05
-1.11
¥
70.61
-0.14
4.73
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Айдос Мырзахметов
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Бала асырап алудың титығы құжатта ма?

Шығыс Қазақстан облысында 2909 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала тіркелген

Қазақстанның кейбір өңірлерінде бала асырап алу мәселесі кеңінен талқылануда. «Жетім көрсең, жебей жүр» деп, бала маңдайын иіскеуге зәру болған жандар табылғанымен, бала асырап алу барысында туындайтын құжаттық тосқауылдар тоқыратады. 

Бала асырап алу ниетін танытқан адамдардың көбі, тіпті, бұл үрдістің неден басталатынын, кімге хабарласып, кіммен ақылдасу керектігін де білмей жатады. Бұл өз кезегінде уақыт пен құжаттық қателіктердің орын алуына себепші болады. 
- Республикалық деректер банкінде облыс бойынша бала асырап алуға ниет білдірген 186 адам тізімде тұр, - дейді ШҚО Білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Байжанова. - Бала асырап алу үшін қала мен аудандардағы қорғаншылық және қамқоршылық органына жүгінуге немесе республикалық деректер банкі арқылы құжаттарды ұсынуға болады. Бала асырап алуға тілек білдірген адамдардың өтініші сот бойынша жүргізіледі. 

Бала асырап алу үрдісіне бұрын жылдар ысырап болып келді. Аудандық және қалалық қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган мамандарының мәліметінше, бүгінгі таңда бала асырап алу үрдісіне орташа есеппен екі-үш ай уақыт жұмсалады. Бұл республикалық деректер банкін енгізудің арқасында жеткен жетістік. Асырап алу кеңесі беретін құжаттар тізімін жинап, республикалық деректер базасына бала асырап алуға үміткер ретінде тіркелуге болады. Деректер базасына тіркелген соң, үміткер өзінің парақшасына кіріп, бүкіл мемлекет төңірегіндегі балалардың тізімін көреді. Өзіне лайықты деп таныса, кезкелген облысқа барып, бала асырап ала алады. Ағымдағы жылдың көктемінде енгізілген жүйе жұмыс аясын жеңілдетіп, кеңітсе де, мәселе тағы асырап алушыларға келіп тіреледі. 

- Қазақтар қазақ балаларын асырап алуға тырысып жатады. Мысалы, көпшілігі қыз баланы кішкентай кезінен алғысы келеді. Осылайша деректер базасынан жолдама шығарып алады, - дейді «Үміт» балалар үйінің әлеуметтік педагогі Қарлығаш Құсаинова. - Біздің «Үміт» балалар үйіне көптеген облыстардан хабарласады. Олар балалардың денсаулығы туралы, тәртібіне қызығушылық білдіреді.

Дегенмен, қандай үрдіс болмасын, қиындықсыз жүрмейді. Басқа ұлттың жетімдері бір бөлек қиналса, қазақ балаларының арасында да «туысшылдыққа» келіп тірелетін мәселе жоқ емес. Сол сияқты, жергілікті халықтың ақпаратқа бейжай қарайтындығы да өздеріне тосқауыл болып келеді.

- Шыны керек, қазақ балалары жетімдер үйінде өте аз. Бірақ олар көбінесе жалғыз емес. Балалар үйінде өзнің туған апай, ағаларымен бірге тәрбиеленуде. Асырап алушылар бір баланы ғана алғысы келеді. Ал біз ағалы-інілі жандардың жұбын жазбасақ дейміз. Осылайша, асырап алуға ниет білдірушілер балалардан еріксіз бас тартып жатады, - дейді Қарлығаш Қуанқызы. - Біз басқа ұлттың балаларын ұсынсақ та, бас тартады. Бір мәселе, біздің тұрғындар ақпаратпен жұмыс істей алмайды. Мысалы, өзге облыстағы адамдар деректер базасынан жолдама ала салып, бірден келе салады. Біз оларға ағалы-інілі балалардың арасын үзбеу туралы ниетімізді білдіріп, қос баланы ұсынамыз. Олар өз елді мекендеріндегі асырап алушылық органдарымен байланыспай, тиісті ақпаратты алдын ала біліп алмағандықтан біраз кикілжіңдер туындап, реніш білдіріп жатады. 

Бүгінгі таңда бала асырап алудың көптеген жолдары бар. Патронаттық тәрбиеге, қамқоршылық, қорғаушылық ниетпен жаутаңкөз жандардың жанарын қуанышқа толтыруға болады. Асырап алудың бұл жолдарына сүйеніп жатқандар аз емес те.
Айта кету керек, патронат тәрбиешілерге мектеп жасына дейінгі бір баланы күтіп-бағуға 9 айлық есептік көрсеткіш, мектеп жасындағы бір баланы күтіп-бағуға 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қаражат, сонымен қатар, патронат тәрбиешілердің еңбегіне ақы төленеді. 

Следующая →