Өскемен
пасмурно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +9°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +19°
$
442.05
474.14
¥
61.07
4.74
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Аудан атаулары өзгеруі мүмкін бе?

Облыста көше атаулары тұрмақ, аудан атауларының кейбірі қазақша емес екені белгілі. Облыста 15 аудан болса, оның төртеуі орыс тілінде аталады

Ал төрт қаланың екеуі - орыс тілінде. Облыс әкімі Даниал Ахметов аудан атаулары алдағы уақытта өзінің тарихи атауына қайта оралады, алайда оған уақыт керек деп отыр. 

- Мәселен, Шемонаиха ауданындағы халықтың небары 20 пайызы ғана қазақтар, қалғаны - өзге этнос өкілдері. Аудан атауын өзгертуде жергілікті тұрғынның пікірі ескерілуі тиіс. Ал атаудың орыс тілінде болуы сол ауданның тұрғындарының көзқарасы, мүддесі мен ұстанымы деп білген жөн. Аудандар өзінің тарихи атауын алатындығына сенімдімін. Алайда оған уақыт пен жүйелі түсіндіру жұмыстары қажет. Ономастика жұмысын жергілікті халықтың пікірін ескере отырып жүргізетін боламыз, - деді Даниал Ахметов Астана қаласының орталық коммуникация қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Облыс әкімі ұлттық мәселені өте абайлап жүргізу керектігін айта отырып, Шемонаиха, Зырян, Глубокое аудандарының аты алдағы уақытта өзгеруі мүмкін екендігін жеткізді. Алайда бұл тарихи сәттің қашан болатындығын нақтылап айтудан бас тартты. 
Следующая →