ШҚ АЭК жеңілді: компания тұтынушыларына 24 млн теңге қайтаруы тиіс
Энергиямен жабдықтау компаниясы сот отырысы барысында өзінің тұтынушылардан бірінші рет электр қуатын сөндіру бойынша ақыны заңды негізде алғанын дәлелдей алмады
30 қараша күні ШҚО облыстық соты ақыр аяғы «ШҚ АЭК» АҚ мен ШҚО Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті арасындағы дауға нүкте қойылды.
Еске сала кетсек, антимонополиялық мекеме энергиямен жабдықтаушы компанияның әрекеттерінен заңсыздықты анықтаған. Коммуналды қызмет көрсету қағидасы бойынша «ШҚ АЭК» АҚ жарық ақысын төлемеген тұтынушылардың жарығын қиғаннан кейін, жарықты бірінші рет қайта қостырып отырғандардан ақы алмауы тиіс еді.
- Кемінде екі рет компания өз тұтынушыларының жарығын тегін қосып беруі керек болатын. Тек есептік кезеңде (жыл) қайта қосу ғана ақылы жүреді, - деп атап өтті мекеме.
ШҚ АЭК-ға қатысты тергеу жүргізіліп, материалдар сотқа өтті. Өскемен қаласының Мамандандырылған әкімшілік соты энергетикалық компанияға 1 196 471 теңге көлемінде айыппұл төлеп, тұтынушыларының 23 929 426 теңгесін қайтару туралы шешім шығарды.
Следующая →