Заңсыз тасымалмен күрес жүргізілмек
Облыста заңсыз тасымалдаушылардың көбейіп келе жатқандығы әрі бүкіл қоғамдық мәселеге айналғаны белгілі
Мұндай тасымалдаушылар заңды белден басып, жолаушылардың да, өзінің де өмірін қатерге тігіп, табыс табады. Әрі кәсібін заңдастырып, қазынаға салық төлеп жүрген, жолаушылардың өмірін өз мойнына алған адал кәсіпкерлердің жолын кеседі, қалтасын қағады.
Маршруты заңдастырылған кәсіпкер автобустарын техникалық талаптарға сай жарақтап, жүргізушінің денсаулығын тексеріп барып, жолаушыларды жолға аттандырады. Әрі автобуста екі жүргізуші болады. Өрттен қорғану амалдары жасалады. Жолақысы да тұрақты, одан түскен табысты мемлекетпен бөліседі, жұмысшыларын зейнетақымен қамтиды. Ал заңсыз тасымал иесі мұның бірде-бірін жасамайды.
Заңсыз тасымалмен бірнеше жыл күресіп келген басқарма мен полиция, прокурор, мемлекеттік кіріс инспекторлары айыппұл төлетіп, талай жазаласа да, көлеңкелі істің тамыры кесілетін түрі жоқ. Сондықтан билік өкілдері олармен бейбіт қарым-қатынасқа келіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізуді мақсат тұтып отыр. Бұл бастаманы жүзеге асыру үшін жұмыс штабы мен жедел іздестіру тобын құру жөнінде меморандумға қол қойылды.
- Ең алдымен, біздің адал кәсіпкерлікті қолдайтындығымызды, оның дамуы мен өркендеуіне мүдделі екендігімізді түсінген жөн. Құрылған жұмыс тобы заңсыз тасымалдаушыларға түсіндірме жүргізе отырып, оларға тасымалдау ісін қалай заңдастырудың жолдары үйретіледі, кәсібін заңды етуге үгіттейді, - дейді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Мұсатаев.
Басқарма басшысының айтуынша, егер азаматтар үгіттеу мен түсіндіруге көнбесе, онда оған айыппұл салынатындығын, ал көлік қылмыс жасау құралы болғандықтан, оның тәркіленіп алынатындығын айтты.
- Кәсіпкерлік адал бәсекеге құрылуы тиіс. Ал заңсыз тасымалдаушылар шынайы бәсекені белден басып, ардан аттап, зиянды іске көз жұмып, пайда табады. Бұл құптарлық іс емес, - дейді ШҚО Ұлттық кәсіпкерлер палатасының директоры Игорь Шацкий.
Директордың айтуынша, заңсыз тасымалмен айналысатын адамдарды табу оңай. Көбінде олар автобекеттердің маңында, арнайы «бестік» орындарда көлік қаңтарып қояды. Ал аудандағы заңсыз тасымалдаушыларды әрбір тұрғын біледі. Олардың аты-жөні де белгілі. Енді тек бұл көлік жүргізушілерімен кездесу ғана қалды. Кәсіпкерлік палатасы оларға кәсіпті заңдастырып, қалай салық төлеу мен рәсімдеу амалдарын үйретсе, кәсіподақ мамандары зейнетақы жинау жолдарын, өзге әлеуметтік төлемдерді реттеу әдістерін меңгертпек. Ал бұдан кейін Көлік прокуратурасы мен Ішкі істер департаменті оларды бақылауға алмақ. Айыппұл құны 10 айлық есептік көрсеткіштен бастап, көлік құралын тартып алуға дейінгі жаза түрі қолданылады.
Следующая →

Тақырыптар:
Заңсыз тасымалмен күрес жүргізілмек