Оқушы баспалдақтан құлап, реанимацияға түсті
Оқыс оқиға Зыряндағы №1 мектепте орын алып, үшінші сынып оқушысының бас-сүйегі зақымданып, ауруханаға жеткізілді
Сабақ бітіп қойған уақытта оқушылардың барлығы астыңғы қабатқа түсіп кеткен. Ал зардап шеккен бала бөгеліп, жалғыз қалып қалған.
Екінші қабатта жиналып жатқан баланы оқытушысы бірінші қабатта күтіп тұрған. Сол уақытта баланы алып кетуге әкесі де келген. Қас қағым сәтте бала бірінші баспалдақ бойымен құлап түскен. Мектеп едені бетон болғандықтан, бала баспен соғылып, есінен танған.
- Оқушы жақсы отбасынан шыққан, ешқашан біреумен кикілжіңге келіп көрмеген. Оқиға орын алған сәтте жанында басқа балалар болмаған әрі сол күні денсаулығына да шағым білдірмеген, - дейді Зырян аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысыВера Лысенко. - Бірден жедел жәрдем қызметі шақыртылды.
Бала бірнеше сағат бойы реанимацияда жатқан. Ал қазіргі уақытта дәрігерлердің бақылауында. Тәртіп сақшылары осы оиғаға байланысты тергеу амалдарын бастады. Ал аудандық білім бөліміндегілер оқушының ата-анасының мектепке ешқандай наразылығы жоқ екенін айтады.
Следующая →