Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Пойыз билеттері уақытша қымбаттамақ

Жаңа жылға қарсы пойыз билеттерінің бағасы қымбаттамақ. Алайда «Жолаушылар тасымалы» АҚ тек тальго пойызының билеттері ғана өседі деп отыр

Жаңа жылға таяу мерекелік науқан басталысымен елде қарым-қатынас пен қарбалас көбейетіні белгілі. Ал жолаушылар тасымалы бұл мүмкіндікті мүлт жібергісі келмейді. 

  Қыста пойыз билетіне деген сұраныс артады, өйткені суық күнде көлікпен не автобуспен қатынауға жолаушылар құлықсыз. Алайда жаңа жыл қарсаңында облыста пойыз билетінің бағасы қымбаттамақ. Сондықтан билеттерді ертерек сатып алған жөн. 

- «Тұлпар-Тальго» коммерциялық пойыз болғандықтан, оның тарифі тұрақты емес. 
Сұраныс көбейген сайын, құны да өседі. Биыл оның бағасы 20-30 пайызға дейін қымбаттауы мүмкін. Сондықтан тұрғындар билеттерді алдын ала сатып алғаны тиімді, - дейді «Жолаушылар тасымалы» АҚ мамандары.

Дегенмен, билет бағасы қымбаттаса да, ҰОС мен Ауған соғысы арадагерлеріне берілетін жеңілдіктер өзгеріссіз қалмақ. Мәселен, Ұлы Отан соғысы ардагеріне билет 99 пайыз, Ауған жауынгеріне 50 пайыз жеңілдікпен беріледі. Ал Ресей мен Қырғызстанға аттанушылар билет құнын 55 пайызға арзан алады. Өйткені бұл күндері аталған елдерге қатынайтын жолаушылар саны қысқаратын көрінеді. 
Следующая →