Өскемендік жүргізуші жол жүру ережесін бұзған
Өскемен қаласында жүргізушлердің бірі қарсы беттегі жолаққа шығып кеткен
Оның бұл әрекеті апаттық жағдай тудырып, ЖКО-ға тап бола жаздады.
Бұл жағдай Әуезов даңғылы бойында орын алған. Жүргізуші «Бәйтерек» айналма жолына қарай бет алған. Бұл жолдағы қозғалыс екі жақты. Бірақ жүргізушінің неліктен қарсы жолаққа шыққаны белгісіз. Алайда оны тәртіп сақшылары уақытында байқап қалған.
Өскемен қалалық әкімшілік мамандандырылған сотының баспасөз қызметі ұсынған ақпараттарға сүйенсек, осы әрекеті үшін жүргізуші бір жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.
Следующая →