Жас мәнерлеп сырғанау шеберлері Өскеменді жаулауда
"Звездный" деп аталатын жаңадан ашылған мәнерлеп сырғанау клубының тәрбиеленушілері Спорт сарайында жаттығуда
Кішкентай жұлдыздар қаламызды Алматыда өткен халықаралық жарыста танытып үлгерсе, алдағы уақытта Павлодарға аттанбақ.
Аталмыш клуб ата-аналардың қолдауымен құрылған, ата-аналар қаржылай қолдау да көрсетеді. Балаларды бес биші маман дайындайды: үш маман мұз үстінде дайындайды, хореограф және жалпы физикалық дайындық бойынша инструктор бар. Бұндағы басты талап – тәртіп.
- Біз таңертең және кешке жаттығамыз. Демалыс күндері де дайындықтар өткізіледі, - дейді клуб директоры Игорь Елисеев. - Топқа үштен сегіз жас аралығындағы балалар қабылданады. Бүгінгі таңда 90 бала бар. Әр екі ай сайын балалар аралық тест тапсырады. Соның нәтижесінде олардың дайындығы мен келешегі анықталады.
Следующая →