Биыл облыста 13 балықшы суға кетіп қайтыс болған
Қыста балықшылар өлімі көбейетін көрінеді. Өйткені көлдің мұзы қатып тұрған сынды көрінгенімен, кез келген уақытта жарылып кетуі мүмкін
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті өзен-көл жағалауында тексеріс жүргізіп, балықшыларға түсіндіру жұмыстарын жасады.
- Ескертпе парақшаларын қолға алған балықшылар біздің көзімізше оқып танысты, - дейді Өскемен қаласы ТЖБ Азаматтық қорғаныс бөлімінің басшысы Валентина Литвиненко.
Мамандардың айтуынша, судың беті әлі жөнді қата қойған жоқ, сондықтан мұз шытынап кетуі мүмкін. Сондықтан балықшылардан абай болуын өтінеді.